Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекiту туралы
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуды жақсарту Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін. 2. Орталық атқарушы органдар мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жылдың қорытындысы бойынша 25 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 805 қаулысымен бекітілген
Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023 - 2027 жылдарға арналған кешенді жоспары
Риддер қаласы (бұдан әрі - қала) 1786 жылы құрылған, қаланың әкімшілік аумағы - 3,39 мың шаршы километр. Қала орман, су және энергетикалық ресурстары, полиметалл кендерінің едәуір қоры бар Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік дамыған өңірлердің бірі болып табылады. Қалалық әкімшілік 1 қаланы, 1 кентті, 9 ауылдық елді мекенді қамтиды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|