«Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарды бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 173719 болып тіркелді) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 14 қарашадағы № 456 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне қойылатын ең төменгі талаптарда: 18 және 19 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын: «18. Есепке алу ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепті, салықтық есепті, персоналды және жалақыны есепке алуды, тарифтеуді, білім берудегі есепті, контингентті есепке алуды, бюджеттеуді, әкімшілендіруді жүргізуді автоматтандыруды қолдайды. 19. Есепке алу ақпараттық жүйесі олардың функционалдығы бойынша келесі минималды талаптарға ие: 1) нормативтік-анықтамалық ақпаратты жүргізу; 2) бас кітапты/ «Басты журнал» кітабын жүргізу; 3) кассада және есеп айырысу шотында ақша қаражатын есепке алу; 4) клиенттермен және жеткізушілермен, сондай-ақ өзге де дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысуларды есепке алу; 5) Есеп беретін тұлғалармен есеп айырысуларды есепке алу; 6) іссапарларды басқару; 7) тауар-материалдық қорларды есепке алу; 8) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша шығыстарды есепке алу; 9) ұйымның өзге де кірістері мен шығыстарын есепке алу; 10) негізгі құралдарды есепке алу. 11) персоналды есепке алу; 12) Еңбек және жалақы есебі; 13) бухгалтерлік есептілікті қалыптастыру (бухгалтерлік баланс, қаржы қызметінің нәтижелері туралы есеп, қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеме шоттарындағы ақша қозғалысы туралы есеп (Тікелей әдіс), таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы есеп); 14) білім беру ұйымдарындағы контингентті есепке алу; 15) білім берудегі есеп; 16) тарифтеу; 17) бюджеттеу; 18) әкімшілендіру.» 25-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|