«Электрондық құжат айналымы ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 605 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Электрондық құжат айналымы ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 220-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық құжат айналымы ережесінде: 2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) құжаттың электрондық көшірмесі - түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) толығымен электрондық-цифрлық нысанда көрсететін құжат;»; 4-тармақ алып тасталсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Электрондық құжат екі бөліктен тұрады: мазмұндық және деректемелік. Электрондық құжаттың мазмұндық бөлігі DOC және DOCХ мәтіндік форматындағы бір немесе бірнеше файлдан тұруға тиіс. Қосымша файлдарды, оның ішінде құжаттардың электрондық көшірмелерін жүктеу қажет болған кезде мынадай форматтар пайдаланылады: PDF, TIFF, JPEG, JPG - графикалық формат; RTF, DOC, DOCX - мәтіндік формат; XLS, XLSX - кестелік формат; PPT, PPTX - таныстырылымдар; RAR, ZIP - архивтелген формат. Электрондық құжаттың мазмұндық бөлігінде мынадай деректемелер бар: жөнелтуші ұйымның ресми атауы; ұйым туралы анықтамалық деректер (заңды мекенжайы, телефоны, факсы, ұйымның электрондық мекенжайы (бар болса); құжат түрінің атауы; кіріс құжаттың тіркеу нөміріне және күніне сілтеме (бастамашылық құжаттарды қоспағанда); құжаттың жасалған немесе басып шығарылған орны; адресат; құжатты бекіту белгісі (бар болса); мәтіннің тақырыбы (бар болса); құжаттың мәтіні; қосымшаның болуы туралы белгі (бар болса); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|