Вакциналар мен препараттар өндіретін ұйымдардың ұсыныстарын талдау жөніндегі сараптамалық кеңес құру туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 770 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктер ережелерінің 16-тармағының 121-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың 2021 жылғы 23 қарашадағы № 21-05/05-3017 хаттамалық тапсырмасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Вакциналар мен препараттар өндіретін ұйымдардың ұсыныстарын талдау жөніндегі сараптамалық кеңес (бұдан әрі - Сараптамалық кеңес) құрылсын. 2. Сараптамалық кеңес 2021 жылғы 8 желтоқсанға дейінгі мерзімде вакциналар мен препараттарды өндіру бойынша енгізілген ұсыныстардың орындылығы мен негізділігі жөнінде ұсыныстар әзірлесін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Сараптамалық кеңестің қызметін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау вице-министрінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 770 бұйрығына қосымша
Вакциналар мен препараттар өндіретін ұйымдардың ұсыныстарын талдау жөніндегі сараптамалық кеңесінің құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|