Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2024 жылғы 8 қарашадағы № 397 бұйрығына 2-қосымша
«Атом саласын пайдалану объектілерінің жабдықтарына қызмет көрсету» кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: «Атом саласын пайдалану объектілерінің жабдықтарына қызмет көрсету» кәсіптік стандарты атом саласындағы эксперименттік стендтер мен жабдықтарға қызмет көрсету саласындағы білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда кадрларды даярлауға, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерінің кәсіби біліктіліктерін тануға және эксперименттік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсіпорындарда персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге қойылатын талаптарды белгілейді. 2. Осы кәсіптік стандартта келесі терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады: 1) экспериментальные стенды и установки - исследовательское оборудование, предназначенное для проведения испытаний и экспериментальных работ в разных областях науки и техники; 2) информалды білім - білім беру ұйымдарынан және білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардан тыс күнделікті қызмет барысында алынатын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат берілмей жүргізілетін білім беру түрі; 3) формалды емес білім беру - оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі. 3. Осы кәсіптік стандартта келесі қысқартулар қолданылады: БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы; БА - Біліктілік анықтамалығы; СБШ - Салалық біліктілік шеңбері; ЭҚЖЖ - Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы мемлекеттік жіктеуіші.
2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты
4. Кәсіптік стандарттың атауы: «Атом саласын пайдалану объектілерінің жабдықтарына қызмет көрсету». 5. Кәсіптік стандарт коды: M72194003. 6. ЭҚЖЖ сәйкес секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету: M Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет; 72. Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|