ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының кейбір аудандық және оған теңестірілген соттарын тарату және Қазақстан Республнкасы соттарының кадр мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 1-тармағына, 31-бабының 2, 8-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 7), 8), 10), 11), 12) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына, 4, 5-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Мыналар таратылсын: Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының № 2 аудандық соты; Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының № 2 аудандық соты; Қарағанды облысы Абай ауданының № 2 аудандық соты; Қостанай облысы Қарасу ауданының № 2 аудандық соты; Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты; Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты; Павлодар облысының Павлодар аудандық соты; Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының № 2 аудандық соты; Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның № 2 аудандық соты; Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының № 2 аудандық соты; Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының № 3 аудандық соты; Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының № 2 аудандық соты; Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының № 2 аудандық соты; Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының № 2 аудандық соты. 2. Судья қызметіне тағайындалсын: Алматы қаласы бойынша:
Шымкент қаласы бойынша:
Ақмола облысы бойынша:
Ақтөбе облысы бойынша:
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|