Салалық біліктілік шеңберлері мен кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жобалау тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 153 бұйрығы (2023.31.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың төрағалығымен өткен кадрлар даярлау мәселелері жөніндегі кеңестің 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 21-05/05-3205 хаттамасын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Салалық біліктілік шеңберлерін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жобалау тобы (бұдан әрі - Жобалау тобы) құрылсын. 2. Жобалау тобы: 1) кәсіптік стандарттарды әзірлеуді/өзектендіруді қамтамасыз ету талап етілетін кәсіптер тізбесін айқындасын; 2) салалық біліктілік шеңберлерін әзірлесін; 3) кәсіби стандарттарды әзірлесін/өзектендірсін; 4) ұйымдарда кәсіби стандарттардың қолданылуын сынақтан өткізсін және талдасын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023.31.03. № 114 бұйрығымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 153 бұйрығына қосымша
Салалық біліктілік шеңберін және кәсіптік стандарттарды әзірлеу жөніндегі жобалау тобының құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|