Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016.15.04. № 122 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.23.02. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.13.08. № 206 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 204 қаулысымен бекітілген
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 131 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2019.13.08. берілген өзгерістермен)
1. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысының аудандары және облыстық маңызы бар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) Халықты жұмыспен қамту орталықтары (бұдан әрі - Орталық); 2) тұрғылықты жері бойынша Орталық болмаған жағдайда - Батыс Қазақстан облысы кенттерінің, ауылдарының, ауылдық округтерінің әкімдері (бұдан әрі - ауылдық округ әкімі) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарлама. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 4. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|