Осы редакция 2019 жылғы 6 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығына 1-қосымша
«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. ҚР Қаржы министрінің 2017.02.06. № 364 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Қаржы министрінің 2017.02.06. № 364 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) порталға өтініш білдірген кезде құжаттар топтамасын берген сәттен бастап: куәлікті беру - 5 (бес) жұмыс күні ішінде; куәлікті қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде; куәліктің телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні ішінде. Көрсетілетін қызметті беруші қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді; 2) куәлікті қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде; 2) куәліктіі телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні ішінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|