|
|
|
23.07.2020 Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңы
Қазақстан Республикасының алқабилер туралы заңы 2006 жылғы 16 қаңтарда қабылданды. Барлығы 19 (он тоғыз) баптан тұрады. Жалпы алқаби дегеніміз - соттың қылмыстық істі заңда белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы. Алқабилердің қатысуымен Қазақстан Респбуликасының Қылмыстық кодексінде өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыстық істер бойынша қаралуға жатады. Бұл орайда айыпталушыға, сотталушыға өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген қылмыс жасағаны туралы айып тағылса, ол қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сай сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және де алдын ала тыңдауды өткізу аяқталғанға дейін өзіне қатысты қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен өткізу туралы өтінішін беруге құқылы. Яғни, осындай өтініш берілген және оны қолдаған жағдайда міндетті түрде қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралады. Судьяның істі соттың алқабилердің қатысуымен қарауы туралы қаулысы түпкілікті болып табылады. Судья сот отырысын тағайындау туралы қаулыда сот істі алқабилердің қатысуымен қарайтындығын көрсетеді және осы сот отырысына шақырылуға тиіс алқабиге кандидаттардың санын анықтайды, олардың саны жиырма бестен кем болмауға тиіс. Бір сол адам сот отырыстарына алқаби ретінде жылына бір реттен артық қатыса алмайды. Хабарлама алған азаматтар алқабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін сотқа келуге міндетті. Төрағалық етушімен сот талқылауына қатысу үшін алқабиге кандидаттарды іріктеу өткізіліп, яғни алқабиге кандидаттарды істі қарауға қатысудан босату, өздігінен бас тарту және қарсылық білдіру туралы мәселелері шешіледі. Жалпы, алқабиге кандидаттардың тізімдеріне: - алқабилердің тізімдерін жасау кезінде жиырма бес жасқа толмаған; - өтелмеген не алынбаған сотталғандығы бар; - сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар; - судьялар, прокурорлар, тергеушілер, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері; - наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар енгізілмейді. Алайда, алқабиге кандидаттардың тізімдеріне азаматтарды енгізуге шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір шек қоюға жол берілмейді. Сонымен қатар, алқабиге кандидаттардың тізімдерінен: - қылмыстық іс бойынша сот ісі жүргізілетін тілді білмейтін адамдар; - өздерінің дене кемістігі немесе психикалық кемістігі салдарынан алқабидің міндеттерін атқаруға қабілетсіз адамдар; - алпыс бес жастан асқан адамдар және діни қызметшілер өздерінің жазбаша өтініші бойынша алып тасталады. Алқаби өзінің ішкі нанымы бойынша істің мән-жайын өз бетінше бағалауға және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік алу үшін сотта қаралатын дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға; процеске қатысушыларға төрағалық етуші арқылы сұрақтар қоюға; заттай дәлелдемелерді, құжаттарды тексеріп қарауға, жерді және үй-жайларды тексеріп қарау ісіне, сот тергеуіндегі барлық басқа да іс-әрекеттерге қатысуға; төрағалық етушіге заңнама нормаларын, сондай-ақ сот отырысында жария етілген құжаттардың мазмұнын және іске қатысты, өзіне түсініксіз басқа да мәселелерді түсіндіруді сұрап өтініш жасауға; сот отырысы кезінде жазбалар жасауға құқылы. Алқаби сот отырысында тәртіп сақтауға және төрағалық етушінің заңды өкімдеріне бағынуға; алқабидің міндеттерін атқару үшін, сондай-ақ, егер сот отырысында үзіліс жарияланған немесе істі тыңдау кейінге қалдырылған жағдайда, сот талқылауын жалғастыру үшін сот көрсеткен уақытта келуге; сотқа келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, төрағалық етушіге келмеудің себептері туралы алдын ала хабарлауға міндетті. Алқаби істі тыңдау кезінде сот отырысының залынан кетуге; істі тыңдау кезінде сот құрамына кірмейтін адамдармен төрағалық етушінің рұқсатынсыз іс бойынша сөйлесуге; істі қарау барысында мәліметтерді сот отырысынан тыс жинауға; жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етуге, сондай-ақ кеңесу бөлмесінің құпиясын бұзуға құқылы емес. Алқабилер алқасы құрылып болғаннан кейін сот отырысының төрағалық етушісі немесе хатшысы сот отырысының залында қатысып отырғандардың барлығына орындарынан тұруды ұсынады. Алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен іріктелген адам мынадай мазмұнда ант қабылдайды: «Алқабидің міндеттерін атқаруға кірісе отырып, өз міндеттерімді адал және бейтарап атқаруға, сотта қаралған барлық дәлелдемелерді, дәлелдерді, істің мән-жайын назарыма алуға, ерікті азамат және әділ адам ретінде істі өзімнің ішкі нанымым мен ар-ожданым бойынша шешуге салтанатты түрде ант етемін». Қалған алқаби «Ант етемін» деген сөздерді айтумен антты қабылдауын растайды. Алқабиге облыстық және оған теңестірілген соттың қызметін материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган нақты іс қаралып болғаннан кейін, ал егер істі қарау созылатын болса, ай сайын бюджет қаражаты есебінен облыстық және оған теңестірілген сот судьясының лауазымдық жалақысының жартысы мөлшерінде, бірақ алқабидің сотқа қатысу уақытына (жұмыс күнінің санына) барабар, оның негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысынан кем емес мөлшерде сыйақы төлейді. Алқабидің міндеттерін атқару кезінде оның негізгі жұмыс орны сақталады. Алқабидің сотта міндеттерін атқаруы кезінде оны жұмыс берушінің бастамасымен жұмыстан шығаруға немесе ақысы төмен жұмысқа ауыстыруға жол берілмейді. Алқабилердің қатысуымен сотта қылмыстық істі талқылау мына шешімдердің бірін, яғни, істі қысқарту туралы қаулыны, ақтау немесе айыптау үкімін қабылдаумен аяқталады. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыны Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман - сот мәжілісінің хатшысы Ә.Ахмет
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |