Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендеріндегі жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. «Жамбыл облысының қалалар мен елді мекендеріндегі жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23-13 шешімі жойылсын. 2. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендеріндегі жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау Қағидалары бекітілсін. 3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
2023 жылғы 5 қазандағы № 7-7 шешіміне қосымша
қағидалары
1. Осы елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-заң) 9-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың үлгілік тәртібін айқындайды. Қағидалар мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй аумақтарында, саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерге қолданылмайды. 2. Осы қағидалар Жамбыл облысының қала, аудан әкімдіктеріне және уәкілетті органдарға жүктеледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|