Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының индексін құру әдістемесін бекіту туралы (2022.26.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 2021.23.07. № 10 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.26.05. № 8 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасының индексін құру әдістемесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|