ҚР СТ 2327-2013
Осы стандарт Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толықтай және бөлшектеліп басылып шығарыла, көбейтіле және таратыла алмайды.
Осы стандарт ГОСТ 18599 сәйкес құбыр түйістерімен дәнекерлеп дайындалатын қыспақ құбыржолдарға арналған полиэтилен - үштік, бұрылыс және ұшы ұзартылған төлкелерден жасалған жалғастыру бөлшектеріне қолданылады.
ЕСКЕРТПЕ. Белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік құжаттар бойынша дайындалған басқа да полиэтилен құбырлар үшін жалғастыру бөлшектерін қолдануға рұқсат етіледі.
Осы стандарт бойынша жалғастыру бөлшектері көмегімен құрастырылған құбыржолдар суды тасымалдауға, оның ішінде ауаның 0°С бастап 40°С дейінгі температурасында шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін, сондай-ақ химиялық полиэтилен басқа да сұйық және газ тәрізді заттарға төзімді заттарға арналған.
Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтеме нормативтік құжаттар қажет: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 227 қаулысымен бекітіліген «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі - қоюға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық талаптары. Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 769 шешімімен бекітілген «Орауыш қауіпсіздігі туралы» 005/2011 кеден одағының техникалық регламенті ГОСТ 12.1.005-88 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмыс аймағы ауасына қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар. ГОСТ 12.1.044-89 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Заттар мен материалдардың өрт жарылу қауіпсіздігі. Көрсеткіштер номенклатурасы және оларды анықтау әдістері. ГОСТ 12.3.030-83 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Пластикалық массаларды өңдеу. Қауіпсіздік талаптары. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|