Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 894 қаулысымен мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Экономикалық Форум арасындағы Қазақстандағы Төртінші өнеркәсіптік революциясының орталығы мен Дүниежүзілік Экономикалық Форум арасындағы қосылуға және ынтымақтастыққа қатысты КЕЛІСІМ
Осы Келісім (бұдан әрі «Келісім» деп аталады) Қазақстан, Нұр-Сұлтан, Мәңгілік ел 8 мекенжайында тіркелген Қазақстан Республикасының Үкіметін білдіретін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі «Қабылдаушы Үкімет» деп аталады) және Дүниежүзілік Экономикалық Форум - Швейцария, 9193 Ру де ла Капита, 1223 Кологни/Женева мекенжайы бойынша тіркелген Швейцария қоры (бұдан әрі «Форум» деп аталады) арасында, жеке-жеке «Тарап» деп аталады, ал бірлесіп «Тараптар» деп аталады, Қазақстандағы Төртінші өнеркәсіптік революция орталығы мен Форум арасындағы қосылуға және ынтымақтастыққа қатысты жасалды. Осы Келісім 2021 жылғы 1-ші қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. МЫНАЛАРДЫ: 1971 жылы Женевада, Швейцария, коммерциялық емес қор ретінде құрылған Форум тәуелсіз болып табылатынын және саяси, партиялық немесе ұлттық мақсаттары мен мүдделері жоқ екенін; 2015 жылғы 23 қаңтарда Форумның мемлекеттік-жекешелік ынтымақтастықтың халықаралық ұйым ретіндегі мәртебесін тану мақсатында Швейцария Федералды Үкіметі мен Форум Швейцарияның Қабылдаушы мемлекет туралы заңына сәйкес Форумның мәртебесі бекітілген Штаб-пәтер туралы келісімге қол қойғанын; Тараптар әлеуметтік дамусыз экономикалық прогресс орнықты емес, ал экономикалық прогрессіз әлеуметтік даму мүмкін емес деп санайтынын; Форум Форумның және «Дүниежүзілік экономикалық форум» Жауапкершілігі шектеулі қоғамының (бұдан әрі - «Форум» ЖШҚ) іскери, саяси, академиялық және қоғамның басқа да көшбасшыларын жаһандық, өңірлік, салалық күн тәртібін қалыптастыруға тарту арқылы әлемнің жай-күйін жақсарту жөніндегі миссиясын орындау мақсатында ынтымақтастық туралы келісім жасасатынын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|