Қызылорда облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда) бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Орман кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Кодексінің 14-бабы 2)-тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ Кодексінің 587-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабы 5-тармағына және «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеудің әдістемелік нұсқауларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 13 қыркүйектегі № 383 бұйрығына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда) осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қазандағы № 58 шешімімен бекітілген
Қызылорда облысының мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары (түбiрiмен босатылатын сүрек үшiн белгiленетiн ставкаларды қоспағанда)
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|