Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 9 Қаулысы
(2021.20.08. берілген өзгерістермен)
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 28 тамыздағы № 12 Қаулысымен күші жойылды
Мен, Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Шиналиев Байдилда Сейдилдаевич, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» № 360-VІ ҚРЗ Кодексінің 9-бабы, 1-тармағының 4) тармақшасы, 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104, 107-баптары, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин режимін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы және инфекциялық аурулардың пайда болу, таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығы және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары негізінде, 2021 жылдың шілдесінде коронавирустық инфекция аурушаңдығының (2221 жағдай) 2021 жылдың маусымымен салыстырғанда (718 жағдай) 3,0 есе, инфекциялық төсек-орындармен толтырылу көрсеткіші - 59%, инфекцияның репродуктивтік мәні (R) - 1,38 өсуіне байланысты, Жамбыл облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Тараз қаласының және аудандардың әкімдері, мемлекеттік органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар, құқық қорғау және арнайы органдар, аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен «Атамекен» ӨКП басшылары (келісім бойынша) заңды және жеке тұлғаларға, меншік нысанына қарамастан, кәсіпкерлік субъектілеріне:
1.1. Қазақстан Республикасы және Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларының талаптарын орындау.
1.2. Ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
1.3. 5 жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, қоғамдық орындарда және үй-жайларда, қоғамдық көлікте бетперде кию талаптарын сақтау;
1.4. Жамбыл облысы аумағында жағдай тұрақталғанға дейін халықтың өмірінің ерекше жағдайларымен шаруашылықпен (немесе) басқа да қызметтің жүргізілуіне шектеу іс-шараларын жүргізу. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес (әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері) Жамбыл облысы аумағындағы әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу қабылдансын;
1.5. Кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу. Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі № 33 «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» қаулысын басшылыққа алу;
1.6. Кәсіпкерлік субъектісі объектіде «Ashyq» қосымшасы бойынша сары / қызыл мәртебесі бар оқшаулануға жататын келушіні анықтаған кезде растайтын материалдарды («сары/қызыл» мәртебенің скриншоты) ұсына отырып, факт туралы ұялы байланыс, электрондық пошта арқылы, сондай-ақ басқа да қолжетімді тәсілдермен хабарлайды:
- Жамбыл облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы, тел: сот. +77760040401 (ватсап), жұмыс: 8 (7262)45-78-08, эл.пошта: b.kydyrbaev@dsm.gov.kz;
- Тараз қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Әбділдә Ғабит Әлімұлы, тел: сот. +77029790939 (ватсап), жұмыс: 8 (7262)34-28-30, эл.пошта: g.abdilda@dsm.gov.kz.
1.7. Жамбыл облысының аумағында «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу осы қаулының 2-қосымшасына («Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу критерийлері) сәйкес қабылдансын;
1.8. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық жұмыс режимінің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуына және әкімдіктер жанындағы мобильді топтарының объектілерге тұрақты тексерулер жүргізуіне күнделікті мониторинг жүргізу; шектеу карантиндік шараларының, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын қызметі рұқсат етілген объектілерде бақылау. Бұзушылықтар анықталған кезде «әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қолдану;
1.9. Әрбір рейс алдында қоғамдық көліктің, әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың, қоғамдық көлік аялдамаларының, жерүсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерінің таяныштарының, спорттық снарядтардың, балалар және спорт алаңдарының, саябақтар мен скверлердің (орындықтар мен сәкілер) және басқаларға дезинфекциялау және жуу құралдарын қолдана отырып өңдеу жүргізу;
1.10. Қызметті жүзеге асыратын барлық объектілерде, оның ішінде көпшілік орындарында және тіршілікті қамтамасыз ететін объектілерде (сауда-ойын-сауық орталықтары, базарлар, ХҚКО, моншалар, діни мақсаттағы, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, вокзалдар, әуежайлар, қызмет көрсету салаларында (сұлулық салондары, ателье және басқалар) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау (қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнату, күніне кемінде екі рет беттерді өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету);
1.11. COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және өңірде қабылданып жатқан шаралар туралы халықты хабардар ету, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының 2021.20.08. № 11 Қаулысымен 1.17 тармақпен толықтырылды
1.17. «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесін алған жобаға қатысушыға мынадай жеңілдіктер беріледі:
1) «қызыл» аймақтағы жобаға қатысушылар «сары» аймақтың талаптары бойынша жұмыс істейді;
2) тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда, жұмыскерлердің (персоналдың) кемінде 90%-ы бірінші компонентпен вакцинациялау кезінде, объектінің толтырылуы 20%-ға артады.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаментіне:
2.1. 2021 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібінің талаптарына сәйкес Қордай ауданындағы «Қарасу», «Аухатты», «Сортөбе», «Қордай», Жамбыл ауданындағы «Айша бибі», Меркі ауданындағы «Сыпатай батыр» пункттері арқылы кесіп өтуді қамтамасыз ету.
3. Қордай, Жамбыл және Меркі аудандарының әкімдеріне:
3.1. ПТР зерттеудің теріс нәтижесі туралы анықтамасыз және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің жолдамасы бойынша COVID-19-ға қарсы вакцинация алғаны туралы құжатсыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдарды карантиндік стационарға тәулік бойы тасымалдауды қамтамасыз ету.
4. Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдардың басшыларына:
4.1. Медициналық ұйымдардың коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды қабылдауға және диагностикалауға дайындығын қамтамасыз ету (қосымша және резервтік төсектер, кадрлар, тест-жүйелер);
4.2. Денсаулық сақтау объектілерін қайта бейіндеу кезінде аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен келісуді қамтамасыз ету;
4.3. Егу пункттерінің дайындығын, тоңазытқыштар мен термоконтейнерлердің жеткілікті санын, иммундық-биологиялық препараттарды тасымалдау, сақтау және пайдалану кезінде «суықтық тізбегін» сақтауды қамтамасыз ету;
4.4. Вакцинация жүргізу кезінде санитариялық-профилактикалық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың (әлеуметтік қашықтық, маскалық режим, дезинфекциялық режим, желдету режимі және басқалар) сақталуын қамтамасыз ету;
4.5. Департаментке күнделікті деректерді электрондық пошта g.zhumashova@dsm.gov.kz. арқылы ұсына отырып, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдерді есепке алуды қамтамасыз ету.
5. Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасы, Тараз қаласының және аудандардың әкімдері:
5.1. Бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы облыс тұрғындары арасында COVID-19 инфекциясының таралуына қарсы қосымша қабылданған шаралар туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз ету;
5.2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
5.3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
6. Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды деп саналсын:
1) Шектеу карантиндік шараларын қатаңдату туралы 2021 жылғы 5 шілдедегі № 7 қаулысы;
7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы қаулы 2021 жылғы 3 тамызда сағат 00:00-де күшіне енеді.
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері | Б. Шиналиев |
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының 2021.20.08. № 11 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Жамбыл облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 30 шілдедегі
№ 8 қаулысына 1-қосымша
Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу шарттары
№ | Нысандар / салалар | |
1. | Өнеркәсіп | + |
2. | Құрылыс (тұрмыстық жағдайда байланыс болмағанда) | + |
3. | Ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы | + |
4. | Байланыссыз қызметтер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімдерді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша қызметтер және т.б.). | + |
5. | Туристік компаниялар, бизнес орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.) | + |
6. | Гүл дүкендері, фотосалондар | + |
7. | Медициналық ұйымдар, дәріханалар | + |
8. | Мұражайлар, кітапханалар | + |
9. | Балалар түзету кабинеттері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары топты толтыру кезінде - 15 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша | ✓ топты толтыру кезінде 15 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша |
10. | Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін маникюр және педикюр қызметтері (жазба бойынша). алдын ала жазылу бойынша | ✓ алдын ала жазылу бойынша |
11. | Азық-түлік дүкендері, минимаркеттер | + |
12. | Супермаркеттер, гипермаркеттер | + |
13. | Азық-түлік емес дүкендер (бөлек тұрған) | ✓ ауданы 2000 ш. м. дейін |
14. | Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) | ✓ жексенбі күндерінен басқа |
15. | Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес). | ✓ Сенбі, жексенбі күндерінен басқа |
16. | Халыққа қызмет көрсету ұйымдары (қонақүй, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері, туристік базалар және т.б.) | ✓ толтырылған кезде 80 пайыздан артық емес |
17. | Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология | ✓ алдын ала жазылу бойынша |
18. | Қоғамдық көлік | ✓ жексенбі күні тыйым салынады |
19. | Банктер, ХҚКО, «Қазпошта»АҚ бөлімшелері | ✓ уақыт бойынша шектеу 9.00 - 8.00.дейін |
20. | Мектепке дейінгі мекемелер | ✓ кезекші топтарда 15 адамнан аспайтын топтың жинақталуын сақтаған кезде |
21. | Ұйымдар, кеңселер | ✓ 80% - қашықтағы режим; 20% - күндізгі режим |
22. | Діни нысандар | ✓ ұжымдық іс-шаралар өткізбей |
23. | Қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша. | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 30 орыннан аспайтын 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
24. | Жазғы алаңдар | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, жұмыс істеуге рұқсат сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін |
25. | Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтандыру объектілері | ✓ толтырылуы 50%-ға дейін, сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін |
26. | Стрит-фуд (жеке тұрған шатыр/ларек/отыратын орны жоқ дүңгіршек) | + |
27. | Монша | ✓ толтырылуы 80%-ға дейін, сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін |
28. | Сауналар | ✓ сенбі, жексенбі күндерінен басқа сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін |
29. | СПА орталықтары, бассейндер | ✓ сенбі, жексенбі күндерінен басқа сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін |
30. | Қалааралық / облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустар) қозғалысы | - |
31. | Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес орталықтар, оның ішінде йога орталықтары | ✓ сенбі, жексенбі күндерінен басқа 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
32. | СОО, сауда үйлері, сауда желілері | ✓ сенбі, жексенбі күндерінен басқа 09.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
33. | Мәдениет объектілері (дайындық) | - |
34. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар | - |
35. | Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | - |
36. | Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | - |
37. | Бильярд клубтары | - |
38. | Компьютерлік клубтар | - |
39. | Боулинг | - |
40. | Балалар ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар) | - |
41. | Ашық аттракциондар | жексенбіден басқа күндері жұмыс уақыттысын шектей отырып, сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді |
42. | Балаларды сауықтыру ұйымдары | толымдылығы 30 пайыздан артық емес |
43. | Көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізу | - |
44. | Еске алуды өткізу | - |
45. | Банкет залдары | - |
46. | Түнгі және ойын клубтары | - |
47. | Караоке | - |
48. | Ойын-сауық, бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, форумдар, отбасылық, естелік іс-шаралар | - |
49. | Көрмелер | - |
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасарының 2021.20.08. № 11 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Жамбыл облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 30 шілдедегі
№ 8 қаулысына 2-қосымша
«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу
өлшемшарттары
№ | Нысандар/салалар | «Ashyq» көшбасшылары» | Қызыл аймақ |
1. | Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)* | толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда) | + тәулік бойы | толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
Жазғы алаңдар | 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
Фуд-корттар | толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | толтырылуы 20%-ға дейін, бірақ 30 орыннан асырмай сағат 10.00-нан 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
Банкет залдары** (ас беруді өткізу үшін) | бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан аспайтын алаңмен қамтамасыз ету, 30%-дан асырмай толтырылған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | тыйым салынады |
Банкет залдары** (мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету) | толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 60 орыннан асырмай сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | тыйым салынады |
2. | Сауналар, моншалар | + | сағат 09.00-нан 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
3. | СПА-орталықтар | + | сағат 09.00-нан 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
4. | Бассейндер | + | сағат 09.00-нан 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
5. | Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда | + | сағат 09.00-нан 20.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
6. | Мәдениет объектілері (дайындық) | 50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар | 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар |
7. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар * | 40%-дан асырмай толтыру | толтыруы 30%-дан асырмай сағат 09.00-нан 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
8. | Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде | 50%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде |
9. | Облысаралық және обылысішілік тұрақты тасымалдар | + | 50%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде |
10. | Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар | 75%-дан асырмай, бірақ 25 адамнан артық емес толтырылған кезде | 50%-дан асырмай, бірақ 15 адамнан артық емес толтырылған кезде |
11. | Бильярд | сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50%-дан артық емес толтырылған кезде | сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде |
12. | Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғанда | сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50%-дан артық емес толтырылған кезде. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі | сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде. Тек 12 жасқа толған және одан асқан адамдарға рұқсат етіледі |
13. | Боулинг | сағат 12.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс режимімен 50%-дан артық емес толтырылған кезде | сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен 30%-дан артық емес толтырылған кезде |
14. | Караоке | 50%-дан асырмай, бірақ 50 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат | 50%-дан асырмай, бірақ 30 адамнан асырмай толтырған кезде сағат 7.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
15. | Көрмелер | бір адамға 6 ш.м. кем емес, бірақ бір уақытта 200 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде | бір адамға 6 ш.м. кем емес, бірақ бір уақытта 150 келушіден аспайтын алаңмен қамтамасыз етілген, 70%-дан асырмай толтырылған кезде сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
16. | Марафондар (ашық ауада) | 50 адамнан артық емес | 30 адамнан артық емес |
17. | Көрермендермен спорттық іс-шаралар (ашық ауада) | 30%-дан артық емес толтырылған кезде | 20%-дан артық емес толтырылған кезде |
18. | Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар) | жеңілдіксіз | жеңілдіксіз |
19. | Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары | бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
20 | Алаңы 500 ш.м-ден 1000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары | бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
Алаңы 1000 ш.м-ден 3000 ш.м-ге дейін болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары | бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ 100 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен бір адамға кемінде 10 ш.м., бірақ 60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
21. | Цирктер | 40%-дан артық емес толтырылған кезде | 30%-дан артық емес толтырылған кезде |
22. | Отельдер, қонақ үйлер | + | + |
23. | Әуежайлар | + | + |
24. | Теміржол вокзалдары | + | + |
25. | ХҚО | + | сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен |
26. | Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері | + | жексенбіден басқа күндері 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
27. | Базарлар | + | жексенбіден басқа күндері 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат |
28. | (12 жасқа дейінгі балаларды ерікті түрде тіркей отырып) балалар сауықтыру ұйымдары | + | сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен 50%-дан артық емес толтырылған кезде |
29. | Букмекерлік конторалар | бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 50 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде | сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен бір адамға кемінде 4 ш.м., бірақ 30 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде |
30. | Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша) | + | алдын ала жазылу бойынша сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен |
31. | Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал), 18 жастан асқан адамдар үшін) | + | + |
32. | Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары | 50 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған | 30 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған |
«+» - қызметіне рұқсат етілген;
«
» - қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);
«-» - қызметіне тыйым салынған;
* - толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.
** - банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.