2023 жылға амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өтінімдерін келісу бойынша жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 70 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 18-тармағының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. 2023 жылға амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өтінімдерін келісу бойынша қосымшаға сәйкес жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын. 2. Жұмыс тобы: облыстардың, республикалық маңызы бар және астананың Денсаулық басқармаларының амбулаториялық қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өтінімдерін 2023 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде келіссін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2023 жылғы 31 қаңтардағы № 70 бұйрығына 1-қосымша
2023 жылғы арналған амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға өтінімдерді келісу бойынша жұмыс тобының құрамы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|