«Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 24 қаңтардағы № 1 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 2 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21914 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу қағидаларында: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелері тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпаратты ашық көздерден алынған ақпаратты пайдалану, телефон, оның ішінде ұялы байланыс арқылы жеке және заңды тұлғаларға сауалнама жүргізу не әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалану арқылы жинауды жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда тиісті тауар нарықтарында тауарлар өндіруді және(немесе) өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің атына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салулар жіберіледі. Тауар нарықтарындағы бағалар туралы ақпарат ағымдағы баға жағдайына одан әрі талдау жүргізу үшін жинақтау және жүйелеу жолымен өңделеді.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|