|
|
|
02.12.2021 Көліктегі қылмыстық қ¥қық бұзушылықтар
Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар жаңа Қылмыстық кодекстің 14-тарауында қарастырылады. Бұрынғы Қылмыстық кодекске қарағанда, бұл тарауда көліктің барлық түрлері - темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, троллейбус, трамвай, не басқада механикалық көлік құралдарын жүргізуші адамның жол қозғалысы қауіпсіздігін немесе көлік қүралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылығы жинақталып берілген. Жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелеріне қарсы қылмысқа қылмыстық кұқық бұзушылыққа заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді кінәлі түрде бұзып, көліктің бірқалыпты қызмет етуін бұзатын, сонын нәтижесінде заңда көзделген зардаптардың орын алуына жол беретін іс-әрекеттер жатады. Көлік қылмыстық құқық бұзушылықтарының топтық объектісі болып жол қозғалысы қауіпсіздігін және көлік құралдарын пайдалану ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар табылады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі - жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік құралдарының нақты түрін (теміржол, су, әуе немесе автомобиль) пайда- лану ережелері, ал қосымша тікелей объектісі - кейбір құрамдар үшін адамның өмірі, денсаулығы, сондай-ақ меншігі болуы мүмкін. Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - теміржол, су, әуе, автомобиль көліктері және басқа да механикалық көлік құралдары. Объективтік жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің 14-тарауындағы қылмыстык құқық бұзушылықтарының көпшілігі әрекет немесе әрекетсіздіктен, зардаптан және олардың арасындағы себепті байланыстардан тұрады (материалдық құрам). Тек қана екі түрлі қылмыстық құқық бұзушылық құрамы (357, 360-баптар) құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады. Жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдалану ережелері сан қилы,үнемі өзгертіліп, жаңартылып отырылады. Бұл ережелер арнаулы заңдарда немесе заңға бағынышты нормативтік актілерде көрініс тапқан. Мұндай заңдарға - Қазақстан Республикасыныц Конституциясы, Қазакстан Республикасының жол кауіпсіздігі туралы заңы, Қазакстан Республикасының темір жол жаргысы, Су кодексі, Әуе кодексі, Қазакстан Республикасындағы жол жүру ережелері және тағы баскалар. Осыған орай көлік қылмыстық құқық бұзушылыктарының нақты құрамдарының диспозициясы бланкеттік болып табылады. Әрбір жеке құрам үшін жауаптылық арнаулы заң, баскадай нормативтік-құқыктық актілердің тиісті талаптарына накты негізделуі тиіс. Көліктегі қылмыстарды дұрыс саралау үшін осы кылмыстық кұкық бұзушылыктың заты болып табылатын көлік құралдарының түріне дәлме-дәл аныктама берудің маңызы ерекше. Көлік деген ұғым жалпылама ұғым, оның құрамдас бөліктеріне, занда айтылғандай - теміржол, әуе немесе су көлігі және автомобиль көлігі жатады. Көліктегі қылмыстық кұқык бұзушылыктарының накты құрамдары өздерінің объективтік, субъективтік белгілері бойынша бір-бірімен оқшауланады, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, осыған орай осы құрамдарды жеке-жеке талдау арқылы олардың заңдылық табиғатын толык сипаттауға мүмкіндік туады. Көліктегі қылмыстык кұкык бұзушылыктардың жеке кұрамдарына тоқталсақ, 344-бап. Теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу. Теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын орындайтын жұмысына немесе атқаратын лауазымына байланысты сақтауға міндетті адамның осы қағидаларды бұзуы, егер бұл іс-әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге не ірі залал келтіруге әкеп соққаны үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыстык кұқық бұзушылыктың тікелей объектісі - нақты көлік құралы түрінің жол қауіпсіздігі және пайдалану ережесі. Қосымша тікелей объекті - заңнын диспозициясында көрсетілген зардаптың түріне байланысты - адамның денсаулығы болады. Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты - көліктің 4 түрі: темір жол, әуе, теңіз жэне су көліктері. Теміржол көлігіне - рельсті көлік құралдары (локомотив, вагондар: жартылай вагондар, платформалар, цистерналар) метролар, тар табанды теміржолдар және басқа арнаулы бағыттағы теміржолдар, дыбыс беру және байланыс кұралдары) бағдаршамдар, телефон линиясы, жолдардағы құрылыстар (көпірлер, құбырлар, туннелдер) жатады. Өндірістік кызметтер атқаратын шахталардағы рельсті көлік, цех ішіндегі электрлендірілген көліктер (электровоз, вагонеткалар) теміржол көлігіне жатпайды. Бұл көліктерді пайдалану ережесін бұзу өндірістік, техника қауіпсіздігі немесе басқадай еңбек қорғау ережелерін бұзғандық (көлік қылмыстары емес) болып табылады. Әуе көлігіне адам немесе жүк тасуға арналған азаматтық авиациялар және азаматтык әуе кемелерінің барлык құралдары (ұшақ, тікұшақ, планерлар, аэростаттар, дирижабильдер, гидроұшақтар т.б.) жатады. Теңіз көлігіне - ірі немесе шағын теңіз кемелері, пароход, теплоход және теңіз көлігі құралдарының барлық түрлері жатады. Өзен көлігіне - шағын өлшемді өзен кемелері, пароходтар, теплоходтар, катерлер, моторлы қайықтар және өзен көлігі кұралдарының барлық түрлері жатады. Бұл қылмыстық құқық бұзушылыктың объективтік жағы: а) нақты көлік құралы түрінің жол қауіпсіздігі және пайдалану ережесін бұзатын іс-әрекеттер (әрекет немесе әрекетсіздік); б) кылмыстың зардабы - адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтагы зиян келтірілуі; в) іс-әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыс арқылы сипатталады. Қылмыстык кодекстің 344-бабының диспозициясы бланкеттік, осыған орай нақты жағдайларда орын алған ережелерді бұзушылыкты аныктау үшін заңды күші бар нормативтік актілерге жүгіну кажет және олар арқылы әрбір орын алған кұкық бұзушылық фактісі бойынша кінәлінің нормативтік актілердегі қайсы баптың, баптың тармақтарынын талаптарын бұзғаны дәлме-дәл, накты анықталуы тиіс. Жол қозғалысы кауіпсіздігі ережесін бұзу көлікті жүргізудің белгіленген ережелерін орындамау немесе шала орындау әрекеттері арқылы көрініс табады (Мысалы: жылдамдықты арттыру, бағдаршамның өтуге, қозғалуга тыйым салған талабын бұзу, ұшу маршруттарын сақтамау т.с.). Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуға - көлік құралдарын техникалык ақауларымен пайдалануға шығару, оларды мақсатсыз пайдалану, мас күйдегі немесе көлікті жүргізуге құқығы жоқ адамды көлік кұралын жүргізуге жіберу, көлікке артык жүк тиеу немесе артық жолаушылар отырғызу сияқты әрекеттер жатады. Көліктін тиісті түрін пайдалану ережелері арнаулы ведомстволар арқылы бекітіледі және оның орындаушыларға дер кезінде белгілі болуы шарт. Жауаптылық теміржол, әуе немесе су жолы көлігі қозғалысы немесе пайдалану ережелерін бұзуға кінәлі адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі заңда көрсетілген зардап абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе ауырлыгы орташа зиянға (344-баптын 1- тармагы), абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне (344-баптың 3-тармагы) әкеп соққан жағдайда пайда болады. Адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірудің түсінігі ҚК-тің 106, 107-баптарында көрсетілген. Көлік құралдары нақты түрінің қозғалысы мен оларды пайдалану ережелерін бұзу мен орын алған зардаптың арасында себепті байланыс болган ретте ғана осы бап бойынша кылмыстык жауаптылыкка тартылады. Абайсызда адам өліміне әкеп соккан дәл сол іс-әрекет үшін жауаптылык ҚК-тін 344- бабының 2-тармағында белгіленген. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамнын өліміне әкеп соқкан іс-әрекет қылмыстың аса ауырлататын түрі (344-бап 3-тармагы) болып табылады. Қылмыстық құқық бұзушылық субьективтік жағынан жол козғалысы мен қауіпсіздік ережелерін бұзу жөнінде де және одан туындайтын зардап жөнінде де тек абайсыздыкпен істеледі. Қылмыстык кұқық бұзушылыктың субъектісі арнаулы: есі дұрыс, қылмыс істеген кезде 16-ға толған, орындайтын жұмысына немесе атқаратын кызметіне байланысты занда көрсетілген ережелерді сактауға міндетті адам (диспетчер, көлік капитаны, экипаж ко- мандирі, ұшкыш, көлік жүргізуші т.с.с). 345-бап. Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы. Автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлік құралын жургізуші адамның жол козғалысы немесе көлік кұралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірсе - кінәлі Қылмыстық кодекстің 345-бабының І тармағы бойынша жауапты болады деп белгіленген. Қылмыстық кұқық бұзушылықтың тікелей объектісі - көлік кұралдарының қозғалыс және пайдалану қауіпсіздігі, косымша объект - жәбірленушінің денсаулығы. Қылмыстық кұқық бұзушылықтын заты - автомобиль, троллейбус, трамвай және баска да механикалык көлік кұралдары (мотоциклдер, мотороллерлер, жол, құрылыс жэне баска да арнаулы машиналар). Қылмыстық құкык бұзушылықтың объективтік жағын: а) заңның диспозициясында көрсетілген көлік құралдарының жол қозғалысы және пайдалану ережелерін әрекет не- месе әрекетсіздік аркылы бұзуы, б) жол қозғалысы немесе көлік кұралдарын пайдалану ережелерін бұзудан абайсызда адамның денсаулыгына ауырлығы орташа зиян келтірілуі; в) іс-әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс. Қылмыстық кодекстің 345-бабының диспозициясы бланкеттік, сондықтан да среженің бұзылғанын анықтау үшін басқа нормативті актілерге, атап айтканда, Қазақстан Республикасындағы жол қозғалысы ережелеріне жүгініп, осы нормативтік құжаттың нақты қайсы бабы, баптың қай тармағының талаптарының бұзылғанын анықтау қажет. Жол қозғалысы ережесін бұзуға жылдамдықты үдету, бағдаршамның тыйым салғанына қарамастан жолдан өту, рұқсат етілмеген жерлерде баска көлікті басып озу, т.с.с. жатады. Пайдалану ережелерін бұзуға техникалық жағынан ақауы бар көлікпен жолға шыгу, арнайы жабдықталмаған көлікпен жолаушыларды тасу, көлік құралында ерекше белгі көрсеткіштердің жоқ болуы т.с.с. жатады. Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуынан абайсызда адамның денсаулығына орта ауырлықтағы зиян (345-баптың 1- тармағы) абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян (345-баптың 2-тармағы), абайсызда адам өліміне әкеп соқса (345-баптың 3-тармағы), абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқса (345-баптың 4-бөлігі) туындайды. Егер адамның денсаулығына абайсызда жеңіл дәрежеден аспайтын зиян келтірілсе, онда азаматтық-құқықтык жауаптылык орын алады. Сондай-ақ көлік құралдарын жүргізуші адамдардың әрекеті көлікті жөндеу, жүк тиеу немесе түсіру кезін- де, құрылыс, жол немесе басқадай жұмыстарды жүргізу барысында ҚК-тің 345-бабында көрсетілген зардаптың орын алуына әкеп соқса, онда істің нақты жагдайларына байланысты олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің жеке адамдарға, меншікке немесе басқа бір белгілі жұмыстарды атқарудың тәртібін бұзғаны үшін жауаптылыкты белгілейтін баптары бойынша сараланады. Велосипед, ат көлігін пайдалану аркылы зиян келтіруде жеке адамға немесе меншікке қарсы қылмыс ретінде саралануы мүмкін. Өйткені бұл көлік кылмыстарының затына жатпайды. Көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық материалдық құрамға жатады. Ол занда көрсетілген зардап орын алған сәттен бастап аяқталған деп табылады. Іс-әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыс аныкталуы қажет. Өйткені кейбір жағдайларда жүргізуші қауіпті тойтаруга барынша әрекет істегенімен, объективтік себептерге байланысты оны тойтара алмайды, мұндай реттерде олардың әрекетінде кылмыс кұрамы болмауы да мүмкін. Қылмыстык құқық бұзушылық субъективтік жагынан абайсыздыкпен (менмендік не- месе немқұрайдылық түрінде) істеледі. Менмендікте адам көлік қозғалысы және пайдалану ережесін бұзудан адамнын денсаулыгына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілу мүмкіндігін алдын ала біледі, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенеді. Немқұрайлылықта адам көрсетілген зардаптардың болу мүмкіндігін болжамайды. Бірак қажетті ұқыптылық пен сақтық болганда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын еді. Қылмыстық кұкық бұзушылыктың субъектісі - жалпы 16-ға толған, көлік құралын жүргізуші адам. Көлік құралын адам өзінің атқарган жұмысына байланысты немесе оған байланыссыз (мысалы жекеменшік көлігін немесе көлікті өз бетімен айдап әкету) жүргізуі мүмкін. Заң бойынша көлікті жүргізген адам қылмыстык құкық бұзушылык субъектісі деп танылады. Қылмыстық кодекстің 345-бабында көрсетілген қылмысты оған ұқсас көлік қылмыстарынан (348, 351-баптар) және әскери қызметке қарсы кылмыстык кұқық бұзушылықтың (ҚК-тің 463-бабы) ажырата білген жөн. Алдыңгы екі кұрам кылмыстык құқық бұзушылық құрамының субъективтік және объективтік жагы, ал үшіншісі - объект және субъекті белгілері бойынша ажыратылады. 346-бап. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру. Көлік құралын басқару құқығынан әртүрлі себептермен айырылғандарға, мас күйдегі адамдарга көлікті баскаруға беру, осындай күйдегі адамдардың көлік кұралын басқаруга біле тұра жол беру өте қауіпті және өмірде бұл әрекет жиі болып тұрады. Осындай іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілігі ескеріліп жаңа Қылмыстық кодексте мұндай іс- әрекеттер жеке қылмыс кұрамы ретінде Қылмыстық кодекстің 347-бабында көрсетіліп отыр. Қылмыстың объектісі - көлік құралдарын басқаруды реттейтін коғамдық қатынастар. Қылмыс құрамы объективтік жағынан алғанда - көлік құралдарын баскару құкығынан айырылған, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын баскаруды осындай адамға беру, сол сиякты осындай адамның көлік кұралын баскаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі арқылы істеледі. Қылмыс құрамы формальдық, заң диспозициясында көрсетілген іс-әрекеттердің біреуін істеу қылмыстың аяқталғанын білдіреді. Осы бапта 1) көлік құралын басқару құқығынан айырылған; 2) алкогольдік, есірткілік, уыткұмарлық жасау күйдегі адамға көлік құралын басқаруға беру; 3) осындай адамдарга лауазымды адамның немесе көлік құралы иесінің жол беруі туралы көрсетіліп отыр. Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен - біле тұра, яғни көлік құралын басқару кұқығынан айырылғандарға, мас күйдегі адамдарға көлік құралын басқаруга беру қасақаналықпен, ал қылмыстың зардабына абайсыздыкпен жол беріледі. Заңда - абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян (346-бап 2-тармағы), ауыр зиян (346-бап 3-тармағы), абайсызда адам өлімі (346-бап 4-тармағы), абайсызда екі немесе одан да көп адам өліміне (346-бап 5-тармағы) әкеп соққан әрекеттер үшін жауаптылық белгіленген. Қылмыс субъектісі - осы іс-әрекетке жол берген лауазымды адам немесе көлік кұралы меншік иесі немесе иеленушісі. 348-бап. Көлік құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару. Көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын не өзге көлік жабдықтарын сапасыз жөндеу, сондай-ак көлік кұралдарының техникалық күйіне жауапты адамның техникалык ақауы бар екені белгілі көлік құралдарын пайдалануга шығаруы, егер бұл әрекеттер абайсызда денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтірсе, Қылмыстык кодекстің 348- бабының І-тармагы бойынша жауаптылық көзделеді. Осы қылмыстық кұкык бұзушылыктың негізгі де қосымша тікелей объектісі Қылмыстық кодекстің 344-бабындағы кылмыстың объектісімеи бірдей. Заң кылмыстың затының қатарына - көліктің барлық түрлерін (теміржол, әуе, теніз, су, автокөлік), катынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс кұралдарын, өзге көлік жабдыктарын (мысалы. электропоезды козгалыска келгіретін контактілік сымдар) жатқызған. Қатынас жолдарына - рельстер, шпалдар, ұшу алаңдары, жолайрықтары, су көлігі тоқтайтын айлақ, жол төсем т.б. жатады. Белгі беру кұралдарына - семафорлар, бағдаршамдар, шлагбаумдар, маяктар, бакендер, белгі беру кұрылымдары, автотежегіш жүйелері т. с.с. жатады. Байланыс кұралдарына - ведомстволык телефондар, радиотелефондар және телеграф линиялары, рациялар, жасанды байланыс аппараттары т.с.с. жатады. Өзге де көлік жабдыктарына көпірлер, эстакадалар, радиолокаторлар, туннельдер, шлюздер т.с.с жатады. Қылмыстық құкық бұзушылық объективтік жағынан: а) көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын, не өзге көлік жабдықтарын сапасыз жөндеу, сондай-ақ техникалык ақауы бар көлік құралдарын пайдалануга шығару; б) денсаулықка ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру; в) көрсетілген осы әрекет пен орын алған зардаптың арасын байланыстырудың себепті байланысы болуы аркылы сипатталады. Жөнделген бұйымдарды міндетті техникалық талаптарға сай емес күйде әзірлеу сапасыз жөндеу деп танылады. Көлік кұралдарының техникалық күйіне жауапты адамның техникалық ақауы бар екені белгілі көлік құралдарын пайдалануға уақытша, ауызша немесе жазбаша түрде рұқсат етуі, оларды жолға шығару деп танылады. Осы қылмыстық құкық бұзушылықтың зардабы заңда Қылмыстык кодекстің 344-бабындағы –денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян (348-баптың 1-тармагы), денсаулыкка ауыр зиян (344-баптың 2-тармагы), кісі өлімі (348-баптың 3-тармағы), екі немесе одан да көп адамның өлімі (348-баптың 4-тармагы) деп көрсетілген. Субъективтік жағынан көрсетілген қылмыстык кұкык бұзушылық құрамы абайсыздықпен істеледі. Егер заңда көрсетілген осы іс-әрекеттер қасақана түрде жасалған болса, онда кінәлі істің нақты жағдайларына байланысты диверсия: террорлық акт, қасақана кісі өлтіру немесе денеге жарақат салу, мүлікті қасақана жою немесе бүлдіргені үшін жауаптылыққа тартылады. Көлік құралдарын, катынас жолдарын: белгі беру немесе байланыс құралдарын не өзге иелік құралдарын жөндеудің субъектісі көрсетілген механизмдерді жөндеген кез келген 16-ға толган адам болады, ал көлік құралдарын пайдалануға жіберудің субъектісі нормативтік актілер немесе кызмет борышы бойынша көлік кұралдарының техникалық күйіне жауапты адамдар (механик, диспетчер, колонна бастығы, жол қауіпсіздігі жөніндегі инженер) болады. 355-бап. Құбырларды қасақана зақымдау немесе қирату. Құбырларды, оның ішінде мұнай-газ құбырларын касакана зақымдау немесе қирату Қазакстан Республикасының Қылмыстык кодексі бойынша қылмыс болып саналып, кінәлі Қылмыстық кодекстің 355-бабы бойынша жауапқа тартылады. Қылмыстың тікелей және қосымша тікелей объектісі Қылмыстык кодекстің 354-бабында көрсетілген объектілермен бірдей. Қылмыстың затына барлық құбырлар, құбырлардан тарайтын қоймалық қосымша жер асты және жер үсті газ, су, жылу мұнай-газ құбырлары жатады. Қылмыстық кұқық бұзушылык объективтік жағынан қылмыс заты - құбыр желісінің закымдалуы немесе қиратылуы аркылы сипатталады. Зақымдалу деп құбырлардың тесілуі, ішінара істен шығуы, ал киратылуы деп оның мүлдем іске жарамсыз болып калуы. Құбырлардың закымдануы немесе киратылуы адамдар денсаулығына немесе коршаған ортаға накты зиян келтіру катерін төндіруі кажет (газдың иісі шығуы, жанар-жағар майлардың кеңістікке таралуы, олардың өрт қаупін төндіруі, т.с.с.). Қылмыстық құқык бұзушылық құрамы формальдык, ол заңда көрсетілген құбырлардың закымдануы немесе күйреуінен адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға накты зиян келтіру катерін төндірген уақыттан бастап аяқталған деп табылады. Қылмыстык құкык бұзушылық субъективтік жағынан касаканалықпен істеледі. Қылмыстык кұкык бүзушылыктың субъектісі - І6-ға толған кез келген адам. Қылмыстық кодекстің 355-бабының 2-тармағында осы кылмыстың ауырлататын түрі: а) абайсызда адамдардың денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп сокса; б) бірнеше рет жасалса; в) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса, ал 3- тармағында аса ауырлататын түрі: а) коршаған ортаны ластауға әкеп соқса; б) ірі залал келтіруге әкеп сокса; в) кылмыстык топ жасаса; г) абайсызда адам өліміне әкеп сокса. Қылмыстық кодекстің 355-бабының 2 және 3-тармақтарындағы қылмыстык құқық бұзушылык құрамы материалдык құрамға жатады және қылмыстық құкык бұзушылық заңда көрсетілген осы зардаптардың нақты орын алған уакытынан бастап аякталған деп табылады. 356-бап. Құбырларды абайсызда зақымдау немесе қирату. Қылмыстық құкық бұзушылық объектісі құбырларды оның ішінде мұнай-газ құбырларын пайдалану ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қосымша тікелей объектісі адамдардың денсаулыгы, қоршаған ортаның қауіпсіздігі. Қылмыстық құкық бұзушылық объективтік жағынан - құбырларды, оның ішінде мұнай-газ құбырларын белгіленген пайдалану режимінен ауытқуына әкеліп соққан не адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтірудің накты қатерін төндіретін, абайсызда зақымдау немесе кирату жолымен сипатталады. Яғни қылмыстық құкық бұзушылык объективтік жағынан а) құбырларды абайсызда зақымдау немесе қирату; б) заңда көрсетілген зиян келтірудің нақты қатерін төндіру; в) осылардың өзара арасындағы себепті байланыстың орын алуымен сипатталады. Баптың диспозициясы бланкеттік, құбырларды, мұнай-газ құбырларын пайдалану ережелерін реттейтін әртүрлі нормативтік актілерге сілтеме жасайды. Қылмыстык құқык бұзушылық материалдық кұрамға жатады. Ол заңда көрсетілген зардаптардың (зақымдану немесе қирату) бір орын алғаннан бастап аяқталған деп табылады. Қылмыстық құқық бұзушылық субъективтік жағынан тек кана абайсыздықтан жүзеге асырылады. Қылмыстык кұқык бұзушылық субъектісі - көрсетілген жұмысты жүзеге асыру кезінде пайдалану ережелерін сақтау өзіне жүктелген 16-ға толған есі дұрыс адам. Қылмыстык кодекстің 304-І-бабының бірінші бөлігінде аталған әрекет: а) абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе; б) коршаған ортаны ластауға; в) ірі залал келтіруге; г) абайсызда кісі өліміне әкеп сокса, осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатқызылып, жауаптылық ҚК-тің 356-бабының 2-бөлігі бойынша сараланады.
Ақмола облысы Есіл аудандық сотының судьясы Саян Абылайұлы Жылқайдаров
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |