2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17306 болып тіркелген) Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар көлемдері осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін. 2. Келесілер күші жойылды деп танылсын: 1) Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 02/03 «Мал шаруашылығы саласындағы бюджеттік субсидиялардың нормативтерін және көлемдерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4611 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 наурыздағы №27 (22479) «Орталық Қазақстан» және 2018 жылғы 6 наурыздағы №27 (22286) «Индустриальная Караганда» газеттерінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылы 21 ақпанда жарияланған); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|