Медициналық ұйымдарға арналған аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы
Осы редакция 2016 жылғы 8 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 14-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған аккредиттеу стандарттары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған аккредиттеу стандарттары; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жедел медициналық жәрдем көрсететін медициналық ұйымдарға арналған аккредиттеу стандарттары бекітілсін. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 15-5/6177/И бұйрығын қараңыз 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Б.С. Байсеркин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық ресми жариялаған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 676 бұйрығына 1-қосымша
Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына арналған аккредиттеу стандарттары
А БӨЛІМІ «БАСШЫЛЫҚ»
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|