Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін. 2. Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 шілдедегі «Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» № 276/8 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3599 болып тіркелген, 2013 жылғы 12 қыркүйекте «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 4 мамырдағы «Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 29 шілдедегі «Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» № 276/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 144/2 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6358 болып тіркелген, 2019 жылғы 27 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. «Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Р. Ораловқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|