Біріккен Ұлттар Ұйымының медиация нәтижесінде қол жеткізілген халықаралық татуласу келісімдері туралы КОНВЕНЦИЯСЫ (Сингапур, 2019 жылғы 7 тамызда)
ҚР 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 116-VII Заңымен ратификацияланды
Кіріспе Осы Конвенцияға қатысушылар оның шеңберінде дауласушы тараптар үшінші тұлғадан немесе тұлғалардан өздерінің дауды достық жолмен шешу талпыныстарына көмек көрсетуді сұрайтын коммерциялық дауларды реттеу әдістерінің бірі ретінде халықаралық сауда үшін медиацияның маңыздылығын мойындай отырып, медиацияның халықаралық және ұлттық коммерциялық практикада сот талқылауына балама ретінде жиі пайдаланылатынын атай отырып, медиацияны пайдалану дау коммерциялық қатынастарды тоқтатуға алып келетін жағдайлар санын қысқарту, коммерциялық қызметке қатысушылардың халықаралық операцияларды жүзеге асыруын жеңілдету және мемлекеттердің сот төрелігін іске асыруы процесінде үнемдеуге қол жеткізу сияқты елеулі пайда береді деп есептей отырып, медиация нәтижесінде қол жеткізілген, әртүрлі құқықтық, әлеуметтік және экономикалық жүйелері бар мемлекеттер үшін қолайлы халықаралық татуласу келісімдері үшін негіз құру үйлесімді халықаралық экономикалық қатынастарды дамытуға жәрдемдесетініне сенімді бола отырып, төмендегілер туралы уағдаласты:
1. Осы Конвенция медиация нәтижесінде қол жеткізілген, тараптар коммерциялық дауды реттеу мақсатында жазбаша нысанда жасаған және жасалған кезде халықаралық болып табылатын, яғни: а) татуласу келісімінің кем дегенде екі тарапының коммерциялық кәсіпорындары әртүрлі мемлекеттерде орналасқан; немесе b) татуласу келісімі тараптарының коммерциялық кәсіпорындары орналасқан мемлекет: i) не татуласу келісімі бойынша міндеттемелердің едәуір бөлігі орындалатын мемлекет; ii) не татуласу келісімінің нысанасы онымен неғұрлым тығыз байланысты мемлекет болып табылмаған келісімдерге («татуласу келісімдері») қолданылады. а) тараптардың бірі (тұтынушы) жеке, отбасылық немесе үй мақсаттарында жасаған мәмілелерден туындайтын дауларды реттеу үшін жасалған; b) отбасы, мұрагерлік немесе еңбек заңнамасына қатысты татуласу келісімдеріне қолданылмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|