Ден қою актілерін қарау регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің атына келіп түскен мемлекеттік органдардың актілерін (бұдан әрі - ден қою актілері) қараудың бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қабылдау, құқық бұзушылықты алдын алу және оларды тиісінше қарауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Ден қою актілерін қарау регламенті бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Кадр жұмысы департаменті осы бұйрықтың мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және тартуға жатады.
Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 816 бұйрығымен бекітілген
Ден қою актілерін қарау регламенті
1. Осы Ден қою актілерін қарау регламенті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) атына келіп түскен мемлекеттік органдардың ден қою актілерін қараудың* (бұдан әрі - Ден қою актісі), бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қабылдау, құқық бұзушылықтың алдын алу және оларды тиісінше (уақтылы, толық, объективті және жан-жақтылығы бойынша талаптарын сақтау) қарауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. 2. Ден қою актісін қарауды Министр, өздері жетекшілік ететін салалар бойынша вице-министрлер, белгіленген құзыреті шегінде жауапты хатшы (бұдан әрі - Уәкілетті адам) жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|