«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020 - 2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылгы 13 қаңтардағы № 11-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылгы 13 қаңтардағы № 11-Ө бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы»; 1-тармақтағы «Стратегиялық жоспары» деген сөздер «Даму жоспары» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиги ресурстар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшылары: 1) жыл сайын 20 қаңтардан кешіктірмей Министрліктің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментіне Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиги ресурстар министрлігінің 2020-2024 жылдарга арналған даму жоспарын іске асыру бойынша ақпаратты ұсынсын; 2) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарында көзделген іс-шаралардың тиісті және уақытылы орындалуын қамтамасыз етсін.»; көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 3. Осы бұйрық соңғы келісуші мемлекеттік орган қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|