Арқалық қаласының әкімшілік аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкi сауда қағидасының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Арқалық қаласының әкімшілік аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін. 2. «Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 150 қаулысына қосымша
Арқалық қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|