Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы КЕЛІСІМ (Мәскеу қ., 2020 жылғы 21 шілдеде)
ҚР 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 102-VII Заңымен ратификацияланды 2023 жылғы 24 наурызда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі өзара тиімді ынтымақтастық қағидаттары негізінде Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, жобаны іске асыруға мүдделілік білдіре отырып, жобаны іске асыруға байланысты жасалуға тиіс келісімдердің маңыздылығын назарға ала отырып, Тараптар жобаны табысты іске асыруға ықпал ету және жобаны іске асыру үшін, сондай-ақ жобаны іске асыруға қатысатын тұлғалар үшін жеңілдіктерді, қолдау шаралары мен преференцияларды қолдану мақсатында өз елдерінің мүдделерінде және атынан әрекет ете отырып, осы Келісімді жасасуға ниет білдіргенін атап көрсете отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 1998 жылғы 6 шілдедегі Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап. Пайдаланылатын ұғымдар
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мынаны білдіреді: «аффилирленген тұлға» - (инвесторға, жобалау компаниясына немесе жер қойнауын пайдаланушыға қатысты инвестормен, жобалау компаниясымен немесе жер қойнауын пайдаланушымен бірге тұлғалардың бір тобына кіретін, жобаны іске асыруға тартылған кез келген тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделгендей); «газ» - газ беруші жеткізетін табиғи газ (осы Келісімнің 8-бабының 3-тармағында көзделгендей); «газ құбыры» - осы Келісімнің 8-бабының 3-тармағының «а» тармақшасымен көзделген шартқа сәйкес газ жеткізу мақсаттары үшін қажетті, қосылу нүктесінен бастап зауыттың аумағына дейінгі ұзындығы 3 (үш) километрге дейін газ бұру құбыры; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|