|
ҚР СТ 3952-2023
Осы стандарт Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде толықтай немесе бөлшектеліп басылып шығарыла, көбейтіле және таратыла алмайды
Осы стандарт өрт кезінде түтінді үй-жайлардан құтқару кезінде 1,5 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды жанған уытты өнімдерден қорғауға арналған сүзгіш өзін-өзі құтқарғыштарға (бұдан әрі - өзін-өзі құтқарғыштар) қолданылады. Осы стандарт өзін-өзі құтқарғыштарға арналған жалпы техникалық талаптар мен сынау әдістерін белгілейді. Осы стандарт химиялық, радиоактивті және биологиялық ластану аймақтарында 1,5 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды қорғауға арналған сүзгіш балалар өзін-өзі құтқарғыштарына қолданылмайды.
Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік стандарттау жөніндегі құжаттар қажет: ҚР СТ 1014-2000 Өнімді сәйкестендіру. Жалпы ережелер. ГОСТ 3118-77 Реактивтер. Тұз қышқылы. Техникалық шарттар. ГОСТ 28865-90 Қыз балалар киіміне арналған манекендер. Негізгі параметрлер мен өлшемдер. ГОСТ 2.610-2006 Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Пайдалану құжаттарын орындау ережелері. ГОСТ 12.1.007-76 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Зиянды заттар. Жіктеу және жалпы қауіпсіздік талаптары. ГОСТ 12.4.158-90 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Сүзгіш тыныс алу ағзаларын жеке қорғау құралдары. Бу тәрізді зиянды қоспалар бойынша сүзгіш-сіңіргіш қораптардың қорғаныс әрекетінің уақытын анықтау әдістері. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|