Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұйрығы (2023.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 21 бұйрығымен күші жойылды
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 3-тармағына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Алты ай мерзімге мыналарға сандық шектеулер (квоталар) енгізілсін: 60 000 (алпыс мың) бас бұқашықты мөлшерінде тірі ірі қара малды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0102) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге; 120 000 (жүз жиырма мың) бас еркек тоқтыны мөлшерінде тірі қой және ешкілерді (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0104) Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге. 2. Қоса беріліп отырған Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|