Ақмола облысы Ақкөл ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына, «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысы Ақкөл ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілсін. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2021 жылғы 27 желтоқсандағы № С 15-2 шешімімен бекітілген
Ақмола облысы Ақкөл ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақмола облысы Ақкөл ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3 бабының 3-1-тармағына, «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|