«Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесiне қойылатын мiндеттi талаптарда: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы міндетті талаптар тауар биржаларының бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етілуіне, ақпараттық қауіпсіздікке (бұдан әрі - АҚ), жабдықтарды орналастыруға қойылатын талаптарды, сондай-ақ тауар биржасының электрондық сауда жүйесінің тиімді және үздіксіз жұмыс істеуі мақсатында сақталуы қажет өзге ұйымдастырушылық-техникалық талаптарды қамтиды.»; 5-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1) және 13-2) тармақшамен толықтырылсын: «13-1) тауар биржасының ішкі құжаттарына сәйкес мұндай құқығы жоқ тұлғалардың ТБЭСЖ пайдалана отырып мәмілелер жасасу мүмкіндігін шектеу; 13-2) клирингтік ұйым клирингтік қызмет көрсетуді, оны салыстырып тексеруді және түзетуді жүзеге асыратын ТБЭСЖ мәмілелер бойынша ақпаратты автоматтандырылған жинау, өңдеу және сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.»; 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) сауда-саттықтың ашылу уақыты; 2) сауда-саттықтың жабылу уақыты;»; екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Уақытты тіркеу форматы - жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд (минимум 0,001 секундқа дейінгі дәлдікпен).»; мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2 және 9-3-тармақтармен толықтырылсын: «9-1. ТБЭСЖ пайдаланушының жекелендірілген есептік жазбаларын пайдаланады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|