Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) арасындағы «Қазақстан Республикасындағы 2024 - 2025 жылдарға арналған мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (МИКС)» жобасын іске асыру мақсатындағы келісім (Астана қ., 2024 жыл 5 желтоқсан)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 28 қарашадағы № 1012 Қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (бұдан әрі - ЮНИСЕФ), 1994 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры арасындағы Ынтымақтастық туралы негізгі келісімнің, сондай-ақ 2022 жылғы 10 қарашада қол қойылған Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан Республикасындағы Балалар қоры елдік өкілдігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде, «2023 - 2025 жылдарға арналған мультииндикаторлық кластерлік зерттеу - 7 (МИКС)»жобасын (бұдан әрі - жоба) іске асыру мақсатында, Қазақстан тарапынан жобаны іске асыруға жауапты мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (бұдан әрі - Бюро) болып табылатынын назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаны іске асыру үшін ЮНИСЕФ-ке республикалық бюджеттен бірлескен қаржыландыру негізінде бюджет қаражатын ұсынуға өзінің дайын екені туралы ЮНИСЕФ-ті хабардар еткенін назарға ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының 2024 жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат шеңберінде ЮНИСЕФ-ке 498276 (төрт жүз тоқсан сегіз мың екі жүз жетпіс алты) АҚШ доллары мөлшерінде салым (бұдан әрі - салым) беруге міндеттенеді. Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу бюджетінің есеп-қисабы осы Келісімге 1-қосымшада ұсынылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|