Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы бесінші және алтыншы жиынтық мерзiмдi баяндаманы бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысымен ратификацияланған Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабына және Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары жөнiндегi комитетi 70-сессиясының ұсынымдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы бесінші және алтыншы жиынтық мерзiмдi баяндама бекiтiлсiн. 2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары жөнiндегi комитетiне белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы бесінші және алтыншы жиынтық мерзiмдi баяндаманы жiберсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 942 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы бесінші және алтыншы жиынтық мерзiмдi баяндама
Осы баяндама Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы № 77 қаулысымен ратификацияланған, 1989 жылғы 20 қарашада Нью-Йорк қаласында қол қою үшін ашық Бала құқықтары туралы конвенцияның 44-бабын орындау үшін және Мерзімді баяндамалардың (CRC/C/58/Rev.3) нысаны мен мазмұнына қатысты нақты шарттар бойынша баяндамалар дайындаудың басшылық қағидаттарында баяндалған талаптарға сәйкес, сондай-ақ Бала құқықтары жөніндегі комитеттің 2015 жылғы 30 қазандағы Қазақстанның төртінші мерзімдік баяндамасы (CRC/C/KAZ/CO/4) бойынша қорытынды ескертулерін ескере отырып әзірленді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|