|
2024 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына,) арналған субсидиялар нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарды (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялауға бюджеттік қаржы көлемдерін бекіту туралы (2024.22.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) тізбесі және тыңайтқыш сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормалары; 2) тыңайтқыштарды субсидиялауға арналған (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) бюджет қаражатының көлемі 937 859 000 (тоғыз жүз отыз жеті миллион сегіз жүз елу тоғыз мың) теңге сомасында бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімдігінің 2024.06.09. № 55/03 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (2024 ж. 22 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі № 20/04 қаулыға 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|