Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі туралы КЕЛІСІМ (2020 жылғы 29 мамырда)
ҚР 2021 жылғы 18 қазандағы № 68-VII Заңымен ратификацияланды 2021 жылғы 28 қарашада күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын басшылыққа ала отырып, әскери ынтымақтастық саласындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі халықаралық шарттарды негізге ала отырып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерінде басқарудың техникалық негізінің аса маңызды құрамдастары ретінде байланыс жүйелерінің кепілдендірілген және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуде күш-жігерді біріктіру қажеттігіне сүйене отырып, төмендегілер туралы келісті:
Тараптар осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің қарулы күштері арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен (біріккен) байланыс жүйесін (бұдан әрі - Бірлескен (біріккен) байланыс жүйесі) құрады. Бірлескен (біріккен) байланыс жүйесіне осы Келісімге қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің Бірлескен (біріккен) байланыс жүйесінің ұйымдастырылуы мен өзара іс-қимылының келісілген жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бойынша және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің Біріккен байланыс жүйесін ұйымдастыру мен дамытудың бас схемасына (бұдан әрі - Бас схема) сәйкес қолданылатын және осы Келісімнің 3-бабында көзделген міндеттерді орындайтын байланыс күштері мен құралдары (күштер мен құралдардың бір бөлігі) кіреді. Бірлескен (біріккен) байланыс жүйесінің ұйымдық-техникалық құрылымын қалыптастырудың, құрылуы мен жұмыс істеуінің қағидаттары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкіметтері басшыларының кеңесі бекітетін тиісті Ережеде айқындалады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|