|
Маңғыстау облыстық мәслихатының «Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 31 наурыздағы № 2/18 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Маңғыстау облыстық мәслихатының «Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы» 2021 жылғы 31 наурыздағы № 2/18 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4478 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 13/158 шешіміне қосымша
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы №2/18 шешіміне қосымша
Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары
1. Осы Маңғыстау облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 2 тармағының 12-14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларына бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20540 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) ауыл шаруашылығы жануарлары - адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың барлық түрлері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|