Осы редакция 2017 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 cәуірдегі № 146 бұйрығына 4-қосымша
«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты
1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi - мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет). 2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) әзiрледi. 3. Мемлекеттiк қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарынымен (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижеcін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.elicense.kz, www.e.gov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi: 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге құжаттар топтамасы тапсырылған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде - 10 (он) жұмыс күнi; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетiн ең ұзақ уақыты - 10 (он) минут. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді түрде бас тартады. 5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нысаны: электрондық нысан (iшiнара автоматтандырылған). 6. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесi: мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк (бұдан әрi - куәлiк). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|