ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020.07.04. № 117 бұйрығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына 1-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (2020.07.04. берілген өзгерістермен)
1. Осы Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мәселелердi регламенттейдi. 2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі -ведомство) - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті органның бөлімшесі; 2) ведомствоның аумақтық бөлімшелері - ведомствоның тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қала, астана) орналасқан аумақтық бөлімшелері. 3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың негiзгi мақсаттары: 1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу; 2) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау; 4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзуды болдырмау, анықтау, жолын кесу және жою. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|