Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісім (Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 17 сәуірде)
ҚР 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 79-VII Заңымен ратификацияланды
Осы Келісімді уақытша қолдану туралы хаттаманың жобасын қараңыз
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар) қалыптасқан өзара достық қарым-қатынастар мен әскери саладағы ынтымақтастықты күшейтуге ниет білдіре отырып, 1999 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімнің ережелерін ескере отырып, төмендегілер туралы келісті:
Қазақстан тарапы Тәжікстан тарапына осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Қосымшада көрсетілген әскери мүлікті беру түрінде өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсетеді.
Осы Келісімді іске асыру бойынша уәкілетті органдар: Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі; Тәжікстан тарапынан - Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып табылады. Уәкілетті органдардың атаулары немесе функциялары өзгерген кезде Тараптар бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
Қазақстан тарапы әскери мүлікті Қазақстан Республикасының аумағынан («Отар» станциясы, Жамбыл облысы) Тәжікстан Республикасының аумағына («Рахоти» станциясы, Душанбе қаласы) дейін теміржол көлігімен жеткізуді қамтамасыз етеді, онда Тараптардың уәкілетті органдары тағайындаған өкілдер оларды тиісінше қабылдауды және беруді жүргізеді. Әскери мүлікті тасымалдау мәселелері Тараптар мемлекеттері қатысушылары болып табылатын әскери тасымалдар саласындағы халықаралық шарттарға сәйкес реттеледі. Әскери мүлікті Душанбе қаласының «Рахоти» станциясына дейін жеткізуге байланысты шығыстарды Қазақстан тарапы көтереді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|