ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 3 наурыздағы № 251 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 364 бұйрығына 1-қосымша
«Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ғарышаппараттарын басқару» кәсіби стандарты
1. «Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ғарыш аппараттарын басқару» кәсіби стандарты Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ғарыш аппараттарын басқару бойынша кәсіптік қызмет саласындағы маманға, оның дағдыларына, біліктеріне және құзыреттеріне қойылатын біліктілік талаптарды белгілейді. 2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) біліктілік - қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайындық дәрежесі; 2) біліктілік деңгейі - еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлеріне қарай сараланатын қызметкердің дайындық деңгейіне және құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы; 3) ғарыш жүйесі - ғарыш кеңістігіндегі міндеттерді шешуге арналған функционалдық-өзара байланысты орбиталық және жерүсті техникалық құралдарының жиынтығы; 4) еңбек функциясы - бір немесе бірнеше еңбек процесі міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; 5) еңбекті ғылыми ұйымдастыру - еңбекті ұйымдастыру саласында ғылыми және практикалық жетістіктерге негізделген еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру процесі; 6) Жерді қашықтықтан зондтау - ғарыш кеңістігінен құрлық, мұхит және атмосфера элементтерінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуін бақылау мен өлшеу арқылы Жер беті туралы ақпарат алу процесі; 7) Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі - Жер беті және Жер беті құрылымы туралы кеңістіктік деректерді жинауға, жаратылыстық табиғи параметрлер мен құбылыстардың, табиғи ресурстардың, қоршаған ортаның, сондай-ақ антропогендік факторлар мен түзілімдердің сипаттамасын және уақытша құбылмалылығын сипаттауға арналған жүйе; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|