Шығыс Қазақстан облысының кейбір білім беру, дене шынықтыру және спорт ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мынадай білім беру, дене шынықтыру және спорт ұйымдарына: 1) Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Семей қаласы бойынша № 1 Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Жақсылық Үшкемпіровтің есімі; 2) Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қажымұқанның есімі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|