|
|
|
16.11.2023 Медиацияның негізгі қағидалары
Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 2011-жылы 28- қаңтарда қабылданып, бүгінгі күні елімізде жүзеге асырылуда. «Медиация туралы» Заңы Қазақстан Республикасында медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды оны жүргізу қағидаттары мен рәсімін реттейді. Медиатор дегеніміз, тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптарының өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. Тәуелсіз, бейтарап, істің нәтижесіне мүдделі емес, медиация тараптардың өзара келісімі бойынша таңдалған, медиаторлар тізіліміне қосылған және медиатордың функцияларын орындауға келісім берген жеке тұлға медиатор бола алады. Медиаторлар екіге бөлінеді: олардың бірі медиация мәселесі бойынша арнайы білім алып, тәжірибе жинақтаған кәсіби медиаторлар, ал, екіншісі - кәсіби емес медиаторлар. Заңда атап көрсетілгендей, медиаторлықты таңдаған адам өз қызметін кәсіби де, кәсіби емес те негізде жүзеге асыра алады. Жоғары білімі бар, жасы 25-ке толған, Қазақстан Республикасы Медиаторлар одағынан арнайы оқудан өткен кез келген тұлға кәсіби медиатор бола алады. Ал кәсіби емес медиаторлықпен 40 жасқа толған, халық арасында беделді, адамгершілігі жоғары, ары кіршіксіз адамдардың айналысуына толық мүмкіндік бар. Олар тұрғындар жиынының ресми хаттамасы арқылы жергілікті атқару органдарына тіркелуі тиісті және де заңгер мамандығы болуы міндетті емес. Медиаторлар өз қызметтерін тек қана жеке құқықтық қатынастар бойынша жүргізеді.
Медиация - тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың (медиаторлардың) жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды (дау-шарды) реттеу рәсімі, яғни медиация - үшінші бейтарап көзқарасты ұстанатын медиатордың қатысуымен дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдісі, оны тараптарды өзара келістіру тәсілі немесе мәмілегер, бітімгер деп түсіну абзал. Ол екі жақтың еріктілік, құпиялық, тең құқылығын сақтай отырып, тараптардың өзара тиімді бітімге келуіне жол ашады. Медиацияның мақсаты - дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық
Медиацияның негізгі қағидаларын тұжырымдасақ, оларды бірнеше топқа бөлуге болады: 1) еріктілік; Медиация туралы шартта көрсетілген тараптардың өзара ерікті ниет білдіруі медиация рәсіміне қатысудың шарты болып табылады. 2) тараптардың өзін-өзі айқындауы; Тараптар өз қалауы бойынша өздерінің материалдық және процессуалдық құқықтарына билік етуге, талаптарының мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға немесе жанжалдан бас тартуға құқылы. Тараптар өзара тиімді келісім нұсқаларын талқылау үшін мәселелерді таңдауда еркін болады. 3) құпиялылық; Медиацияға қатысушылар өздеріне медиация барысында белгілі болған мәліметтерді осы ақпаратты берген тараптың жазбаша рұқсатынсыз жария етуге құқығы жоқ және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оларға медиация барысында белгілі болған мәліметтер туралы куәгерлер ретінде жауап бере алмайды. 4) тараптардың тең құқықтылығы; Медиацияда тараптарға тең міндеттер жүктеледі және олар медиаторды, рәсімді, ұстанымды, ақпаратты таңдауда, келісімнің ұсыныстары мен шарттарының қолайлығын бағалауда тең құқықтарға ие болады. 5) медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы және медиация рәсіміне араласуға жол бермеу қағидаттарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Медиатор бейтарап және тараптардан тәуелсіз тұлға болуға, медиация рәсіміне тараптардың тең қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. 2. Медиацияны жүргізу кезінде медиатордың қызметіне мемлекеттік органдардың, өзге де заңды, лауазымды және жеке тұлғалардың араласуына жол берілмейді.
Қарағанды облысының МАЭС-нын Жетекші маманы Г.Н. Хасенова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |