Атырау қаласы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындарды белгілеу туралы Атырау облысы Атырау қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 458 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8-бабы 2) және 3) тармақшаларына және 27-бабына сәйкес, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Атырау қаласы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін бөлінген арнайы орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Қалауиға жүктелсін. 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ: Атырау қалалық Ішкі істер басқармасының Жергілікті полиция қызметінің бастығы (келісім бойынша) Е. Биғамбаев «5» сәуір 2018 жыл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Атырау қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы (келісім бойынша) Т. Мұсағалиев «5» сәуір 2018 жыл
2018 жылғы 5 сәуірдегі № 458 қаулысына қосымша
Атырау қаласы аумағында сауда қызметі субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|