Кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсетудің эксаумақтық қағидатын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы
Осы редакция 2022 жылғы 24 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Мынадай: «Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау»; «Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау»; «Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау» мемлекеттік қызметтерін көрсетудің эксаумақтық қағидатын енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылсын. 2. Қоса беріліп отырған Кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсетудің эксаумақтық қағидатын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы бірлескен бұйрықты ведомстволардың аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың назарына жеткізсін. 4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|