«Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Тізімдеме актілерін есепке алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актілерін есепке алу кітабы (бұдан әрі - есепке алу кітабы) жүргізіледі. Есепке алу кітабын уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган мемлекеттік мүлік тізілімінде электрондық форматта жүргізеді. Есепке алу кітабында тізімдеме актілері олардың түсуіне қарай тіркеледі. Уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның басшысы есепке алу кітабын жүргізуге жауапты қызметкерді айқындайды. Есепке алу кітабындағы жазбалар әрбір оқиға: тізімдеме актісіне қол қою, бағалау туралы есеп алу немесе қабылдау-беру актісіне қол қою орын алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі және есепке алу кітабын жүргізуге жауапты қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады. Мемлекеттік мүлік тізілімінде техникалық іркіліс болған жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган қағаз форматтағы есепке алу кітабына жазуды анық және қатесіз жүргізеді. Қағаз форматтағы есепке алу кітабы нөмірленуге, тігілуге және уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның мөрімен бекітілуге тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|