«Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 2 маусымдағы № 48 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10681 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 202-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 202-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау тәртібін айқындайды.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) даму жоспары - мемлекеттік кәсіпорынның, акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамның және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бес жылдық кезеңге арналған қызметінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат; 2) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|