ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016.18.02. № 156 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығына 1-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.20.04. № 171 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11195 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 187 бұйрығымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) негізінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттар қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мыналар: 1) ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.20.04. № 171 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 3) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.20.04. № 171 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.20.04. № 171 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|