Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 60 бұйрығына 22-қосымша
«Сот-сараптамалық автотауартану зерттеуі» кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес «Сот портреттік сараптамасы» кәсіптік стандарты әзірленді, ол құжаттардың сот сараптамасын жүргізу жөніндегі сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және сот-сараптама қызметі саласында қолданылады. 2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) білім - кәсіптік тапсырма шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерттелген және игерілген ақпарат; 2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті; 3) жазба - қол жеткізілген нәтижелер туралы мәліметтерді қамтитын құжат немесе жүзеге асырылған қызметтің расталуы (верификацияның, ескертуші және түзетуші әрекеттердің жүргізілуінің куәлігін ұсыну және қадағалауын рәсімдеу үшін); 4) сот-сараптамалық автотауартану зерттеуінің мәні - көлік құралдарының (бұдан әрі - КҚ) техникалық жай-күйі, КҚ шығарылған күні, оның белгілі бір маркаға және үлгіге тиесілігі, техникалық зақымданудың болуы мен сипаты, КҚ және жеке элементтерінің құны, қалпына келтіріп жөндеу құны, КҚ ЖКО байланысты немесе өзге де зақымданулар мен оқиғалардың нәтижесінде тауарлық құнын жоғалтуы, КҚ ЖКО байланысты немесе өзге де зақымданулар мен оқиғалардың нәтижесінде келтірілген залалдың сомасы туралы нақты деректерді анықтау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|