Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балалардың жаңа жылдық шыршасын өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ә.Р. Жақсыбековтің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 17-4081-1 тапсырмасын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы бір мезгілде 2017 жылғы 22 желтоқсанда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балалардың «Асқақ ордам - Астанам!» атты балалардың жаңа жылдық шыршасын өткізуді қамтамасыз етсін. 2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балалардың жаңа жылдық шыршасын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін. 3. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (Ш.А. Қирабаева) 2017 жылғы 14 желтоқсанға дейін өңірлерді және «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығын қатысушыларға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің бейнеқұттықтауымен, кітаптармен, құттықтау және шақыру қағаздарымен қамтамасыз етсін. 4. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы (М.Б. Төлепбаев) 2017 жылғы 8-27 желтоқсан аралығында республика оқушыларының жеке санаттары үшін жаңа жылдық іс-шараларды ұйымдастыра отырып, сауықтыру демалысын өткізуді қамтамасыз етсін. 5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары 2017 жылғы 5 желтоқсанға дейін: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балалардың жаңа жылдық шыршасын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын; 2) 9 - 13 жас аралығындағы екі жүз қатысушының - жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан балалардың, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде табысқа қол жеткізген дарынды балалардың тізімін бекітсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|