Қазақстан Республикасының су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология кодексі 166-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін қолдану жөніндегі Әдістемелік нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы бұйрық мемлекеттік бақылау желісінің қызметін ұйымдастыру мақсатында «Қазгидромет» РМК-ға қолданылады. 3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық саясат департаменті осы бұйрықтың көшірмесін 2024 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі мерзімде «Қазгидромет» РМК-ға жіберсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 14 қарашадағы № 275 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. «Су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі» (бұдан әрі-Бірыңғай жіктеу) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 151 бұйрығымен бекітілген, оған 2024 жылғы 20 наурыздағы № 70 бұйрығымен өзгерістер енгізілді. 2. Бірыңғай жіктеу, құрамында оттегі режимінің көрсеткіштері, органолептикалық параметрлер, минерализация мәндері, биогендік заттар, металдар, органикалық және улы заттар, пестицидтер, гидробиологиялық, токсикологиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бар су объектісінің экологиялық әлеуетін интегралды бағалауға негізделген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|